Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев «Dolce» кәсіпорнына барды

Компания басшылығы «Dolce» кәсіпорнының ел нарығында 1998 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын айтты. 372 адам еңбек етіп жатқан кәсіпорын 160-тан астам өнім шығарады. Олардың арасында қазіргі уақытта аса қажет медициналық қолғаптар, үш және төрт қабатты бетперделер, халаттар, дәрі-дәрмектер бар. Компанияның жылдық қаржы айналы – 8,4 млрд.теңге, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мемлекет басшысына облыстағы денсаулық сақтау саласының жағдайы туралы баяндалды.

Алматы облысында коронавирусқа қарсы іс-шаралар аясында қысқа мерзімде 200 төсектік жұқпалы аурулар ауруханасы салынып, 180 жедел жәрдем көлігі және 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынған. Облыстың 17 ауруханасы оттегі станцияларымен қамтамасыз етіліп, төсек-орындардың 45 пайызы оксигенотерапиямен қамтылған. 17 компьютерлік томограф, 53 рентген, 75 Хай Флу, 606 желдету аппараты жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар бүгінде облыс халқының 649 мың тұрғыны екпенің І компонентін, 510 мыңы II компонентін салдырған. Бұл облыс халқының 60 пайызы вакцинамен қамтылғанын көрсетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс басшылығына өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды үнемі бақылауда ұстауды, вакцина салу жұмысын жеделдетуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді