Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада өкпесі 93% зақымданған әйел босанып, емделіп шықты

Биыл 2 шілде күні науқас К.Ботагөз Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының акушерлік блогынан № 2 қалалық көпбейінді аурухананың стационарына ауыстырылды. Мамандардың айтуынша оның жағдайы өте ауыр болған, өкпенің зақымдануы 93%-дан асыпты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Науқас жүктіліктің 37-38 аптасында коронавирус жұқтырған.

Ботагөзде 20 маусым күні әлсіздік, дененің ауыруы, мұрынның бітелуі секілді өзгерістер байқала бастаған. Сол сияқты жөтелінде қақырық пайда болып, дене температурасы көтерілген. Қуанышқа орай, 28 маусым күні босанып, дені сау нәрестені дүниеге әкелді. Бірақ індет өршіп, оның жағдайы нашарлай түскен.

«Қабылдау кезінде науқастың жағдайы тыныс алу жеткіліксіздігінің, интоксикация синдромының салдарынан өте ауыр болды. Біз медициналық көмек көрсетудің жоғары технологиялық қызметтерін пайдалана отырып, пациентті құтқарып қалу үшін күрестік. 21 шілдеде пациентті экстракорпоральды мембраналық оксигенация аппаратынан шығардық. Осыдан кейін науқас СРАР аппаратына өкпені мәжбүрлі желдету режиміне ауыстырылды. Бұл аппарат өкпенің толығымен ашылуы үшін жүктеме ретінде қосылады», - деп еске алады № 2 қалалық көпбейінді аурухананың дәрігері Айжан Шанова.

Арада 28 күн өткеннен кейін елорда тұрғыны жалпы палатаға ауыстырылды. Бірақ бұл науқастың толығымен емделіп шықты дегенді білдірмейді. Алдағы уақытта дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады. Қазір Ботагөзді үйінде күйеуі мен қызы күтіп отыр.

Емдеу кезінде стационарда жоғары білікті мамандардың қатысуымен консилиумдар өткізілді. Дәрігерлердің бірлескен жұмысының арқасында науқас емделіп, коронавирусты жеңіп шықты.
«Өз өмірім үшін күресу және үйіме оралу – басты мақсатым болды. Бәріңізге, әсіресе дәрігерлерге көрсеткен көмегі үшін, өмірімді құтқаруға ұмтылғаны үшін алғыс айтқым келеді. Енді үйіме, отбасыма, қызыма және жаңа туған сәбиіме орала аламын», - деп қорытындылады елорда тұрғыны.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі