Елордада өкпесі 100% зақымданған науқас жазылып шықты. 20 күн бойы реанимацияда болған Асхат Отызбаев дәрігерлердің арқасында дертінен айығып, бүгін үйіне шығарылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Дәрігерлердің айтуынша, Асхаттың жағдайының тым нашарлап кетуіне оның вакцина алмағаны себеп болған. Себебі, науқастың жасына қарамастан егер ол екпе алса ауру жеңіл өтеді және вакцинацияланғандар арасында жансақтау бөліміне түсетіндер саусақпен санарлық, дейді ақ халаттылар.
«Ауруханаға түскен кезде жүре алмайтынмын, тіпті сөйлеуге мұршам болмады. Қазір өзім жүріп-тұрып, сөйлеп отырмын. Дәрігерлерге алғысым шексіз!» - дейді коронавирус инфекциясымен ауырған науқас Асхат Отызбаев.
Айта кетейік, коронавирус инфекциясын жеңудің жалғыз, тиімді жолы – вакцинация арқылы ұжымдық иммунитетті дамыту.