Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда маусымдық эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Атырау облысында балалар арасында жедел респираторлық вирустық жұқпаның өршуі жоқ. Өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты.  Қазіргі уақытта №2 Атырау облыстық  жұқпалы аурулар ауруханасында жедел респираторлық вирустық жұқпамен отызға жуық бала ем алып жатыр, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар аурханасының бөлім меңгерушісі Әсия Сидешованың сөзіне сілтеме жасап. 

Әсия Сидешованың айтуынша, жедел респираторлық вирустық жұқпаға қатысты маусымдық ахуал тұрақты.  Вирустық жұқпалы аурулар өрши қалған тұста №2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы дәрімен толықтай қамтылған.

 Айта кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейінгі мәліметке сүйенсек,  жұқпалы аурулар ауруханасында «ковид-19»  жұқпасымен  отыз бала  ауырып, емделіп шықты.

«Балалар «Ковид-19» жұқпасын  жеңіл жағдайда өткерді. Клиникалық белгілері де аса қатты білінген жоқ.  Асқыну,өлім-жітім тіркелмеді. Қазір түгелдей жазылып, ауруханадан шығарылды», - деді Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Әсия Сидешова.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі