Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жазғы лагерьлердің бірінші маусымы аяқталды: оған 72 мыңнан аса бала қатысты

Астанада жазғы лагерьлердің бірінші маусымы аяқталды: оған 72 мыңнан аса бала қатысты
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласында оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған мектеп жанындағы және бейіндік лагерьлердің бірінші маусымы өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бірінші маусымда 72 567 оқушы түрлі бағыттағы танымдық бағдарламалармен қамтылып, қызықты әрі пайдалы демалыс өткізді.

Оқушылар «Оқитын ұлт: OZYQ ULT», «Болашақ LAB», «GREEN CITY: Балалар таңдауы», «Әділет CAMP», «Smart Bala» және «САЯХАТ & СПОРТ» жобалары аясында танымдық, шығармашылық және спорттық іс-шараларға белсенді қатысты.

Сонымен қатар, «Green City (эко)», «Достық мекені», «Айбынды маусым», «Eco-life English», «Maximum білім», «Этно лагерь», «IQ Summer», «Smart mi», «ЭтnoFEST», «ART & TOLAGAI», «Lingua Camp», «IT эко-лагерь», «Bio MIX», «Digital IT», «Smart Bala», «Келешек мектеп IT», «English Club», «Marvel Camp» және өзге де бағыттар бойынша лагерьлер жұмыс істеді.

Қаланың 32 мектебінде ұйымдастырылған «Атамекен» этно-лагерінде 7500 оқушы ұлттық құндылықтарды насихаттайтын бағдарламаларға қатысты.

Бұдан бөлек, елорданың 13 қосымша білім беру ұйымында қолөнер, шет тілдері және жүзу бағыттары бойынша қысқа мерзімді клубтар мен тақырыптық лагерьлер ұйымдастырылып, оларға 4000-нан астам бала қамтылды.

Жалпы, жазғы демалыс кезеңінде Астана қаласы бойынша 1-10 сыныптар аралығындағы 242 мыңнан астам оқушыны түрлі демалыс, сауықтыру және дамыту бағдарламаларымен қамту жоспарланған.

Қазіргі уақытта жазғы лагерьлердің екінші және үшінші маусымдарына дайындық жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды