Алматы колледждеріне қабылдау науқаны толықтай цифрлық форматта өтіп жатыр. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құжаттар OQU Bilim ақпараттық жүйесі арқылы қабылдануда. Бүгінде 8 182 өтініш тіркелді, бұл мемлекеттік білім беру тапсырысының жоспарланған көлемінің 46,1%-ы.
Биыл қаладағы 58 колледжде маман даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 17 173 орын болады.
Қазіргі таңда Алматыда 88 колледж жұмыс істейді. Онда 131 мамандық пен 220 біліктілік бойынша 86,8 мыңнан астам студент білім алып жүр.