Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматылық студенттер Қытай мен Германияда тағылымдамадан өтіп жатыр

Алматылық студенттер Қытай мен Германияда тағылымдамадан өтіп жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде дуалды оқыту мен халықаралық ынтымақтастық дамып келеді. Бүгінде өндірістік тәжірибемен ұштасқан дуалды жүйе бойынша 22 мыңнан астам студент білім алып жүр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл – грант негізінде білім алушылардың 43,7 пайызын құрайды. Аталған модельді жүзеге асыру мақсатында 71 мамандық бойынша 770 кәсіпорынмен келісімшарттар жасалды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша колледж түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 94,3%, 17 мыңнан астам жас тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар алты колледждің 110 студенті Қытайда тағылымдамадан өтті, ал 16 студент Германия кәсіпорындарында ақылы өндірістік практикаға қатысты.

Мемлекеттік колледждерде WorldSkills стандарты бойынша демонстрациялық емтихандар енгізіліп отыр. 2025 жылы оны 3 620 түлек тапсырды, оның 3 521-і Skills Passport алды. Алматыда 18 құзырет орталығы жұмыс істейді, ал WorldSkills жеңімпаздарына 9 млн теңге көлемінде сыйақы төленді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді