Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жұмыс іздеуші жастарға арналған жаңа жүйе іске қосылмақ

 

Елімізде жастардың жұмыс іздеуіне қолайлы «Білім» жүйесі іске қосылады. Жаңа жүйе 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап өз жұмысын бастайды. 


Алматы әкімдігі арнайы тестілеуден кейін оңтүстік астананың барлық колледждерінде білім беру процесін автоматтандыру жүйесін енгізбек.


Алматы қалалық білім басқармасының айтуынша, «Білім» жүйесі колледж түлектерінің жұмысқа орналасуына жол ашады. Алдағы уақытта жастар аталған жүйе арқылы өздеріне ұнаған жұмысқа орналасуына мүмкіндік алады.


«Білім» цифрлық платформасы Қазақстан бойынша 25 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген «Параграф» ақпараттық жүйесінің бір бөлігі саналады. Оларды әлеуетті жұмыс берушілер қатарына жатқызуға болады.


Аталмыш жүйе арқасында колледж студенттері түйіндемені тікелей жұмыс берушінің кадр бөліміне жібере алады. Ал жұмыс беруші тарап жүйеден студенттің тек түйіндемесін ғана емес, оның қалай оқығанын, қандай бағалар алғанын және оқытушы мен студент арасындағы байланыс қандай екенін біле алады.


Сонымен қатар жұмыс берушілер студенттерді білім алып жүрген уақытта алдын-ала үміткер ретінде таңдап, тағылымдамаға шақыра алады. Мұндай тәсіл колледж түлектерінің жұмысқа орналасуына үлкен мүмкіндік береді.


«Білім» жүйесі оңтүстік астананың барлық колледждерінде қыркүйек айынан бастап жұмыс істей бастайды. Әзірге жүйе толықтай тексеру кезеңінен өтіп жатыр.


Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағыты «Адами капиталды дамыту» деп аталды. Онда кадр біліктілігін арттыру және білім беру жүйесі ең үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес жұмыс жасау және орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру мәселелері қозғалған болатын.

Сурет: factum.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді