Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімдігі Самал-3-тегі жер учаскесінің мәртебесін түсіндірді

Алматы әкімдігі Самал-3-тегі жер учаскесінің мәртебесін түсіндірді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда Самал-3 шағынауданының тұрғындары әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Меңдіқұлов және Қажымұқан көшелерінің қиылысындағы жер учаскесін саябақ салу үшін мемлекет меншігіне қайтаруды сұрап, қала әкімдігіне үндеу жолдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін аумағы 0,50 гектар болатын жер учаскесі жекеменшікте болған. 2020 жылы аталған учаскеде көппәтерлі тұрғын үй кешені мен бизнес-орталық салуға жобалау алдындағы құжаттама берілген. Кейін қала әкімдігі тұрғындардың пікірін ескере отырып, бұрын берілген рұқсат құжаттарының күшін жойды. Сондай-ақ аталған жер учаскесін сатып алған инвестормен келісімге қол жеткізіліп, ол учаскенің жартысын – 0,25 гектарын қала меншігіне өтеусіз берді.

Инвестор өз қаражаты есебінен жақын маңдағы тұрғындардың келісімімен әзірленген жобаға сәйкес саябақ аумағын көріктендірді. Жер учаскесінің қалған 0,25 гектар бөлігінде меншік иесі – «Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп» ЖШС іргелес аумақты көріктендірумен бірге жылыжай құрылысын жүргізіп жатыр. Жоба жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес, Сәулет және қала құрылысы басқармасы берген жобалау алдындағы құжаттар негізінде жүзеге асырылуда. Жоба аясында күрделі құрылыс нысандарын салу көзделмеген. Сонымен қатар жер учаскесі жекеменшікте болғандықтан және жоба оның нысаналы мақсатына толық сәйкес келгендіктен, берілген жобалау алдындағы құжаттардың күшін жоюға заңды негіз жоқ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді