Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімдігі Горький атындағы орталық саябақтағы 5 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарады

Алматы әкімдігі Горький атындағы орталық саябақтағы 5 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігі Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағындағы жер телімдерін жалға беру мерзімін ұзартудан бас тартты. Мұндай шешім жалға алушы - «ТФК «Алтын-Тараз» ЖШС тарапынан саябақты көріктендіру мен инфрақұрылымды дамытуға қажетті инвестиция салынбауына байланысты қабылданған. Жалға алушы әкімдік шешіміне сот арқылы шағымдануға әрекеттенгенімен, сот талап арызды қанағаттандырмады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша саябақ аумағындағы жалпы көлемі 5 гектардан тұратын 94 жер телімі мемлекет қарамағына өтеді.

Жалға алу қатынастарын тоқтатуға саябақ аумағының ұзақ уақыт бойы тиісті деңгейде күтіп ұсталмауы негізгі себептердің бірі болды. Қазіргі таңда инфрақұрылым мен аттракциондардың едәуір бөлігі ескірген. Қаланың басты демалыс орындарының бірінің жағдайына қатысты тұрғындар тарапынан да көптеген сын-ескертулер айтылып келеді.

Өзінің тарихи әрі мәдени маңызына қарамастан, бүгінде саябақ қоғамдық кеңістіктерге қойылатын заманауи талаптарға толық сәйкес келмейді. Осыған байланысты Алматы әкімдігі аумақты кешенді жаңғырту тұжырымдамасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Жоба аясында көгалдандыру, заманауи демалыс аймақтарын құру, сондай-ақ туристік және мәдени инфрақұрылымды дамыту көзделген. Бұл өз кезегінде саябақты қала тұрғындары мен туристер үшін жайлы әрі тартымды қоғамдық кеңістікке айналдыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 комментарий
  • Logan
  • 10-07-2026, 01:48
  • : 01:48
References: Legiano Casino Login Deutschland https://rtraveler.ru
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді