Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полиция мас күйде көлік басқарған 18 жүргізушіні тоқтатты

Астанада полиция мас күйде көлік басқарған 18 жүргізушіні тоқтатты
Фото: polisia.kz

Демалыс күндері елордалық полиция күшейтілген режимде қызмет атқарды. Жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында мас күйде көлік басқаратын жүргізушілерді анықтауға ерекше назар аударылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Үш күндік рейд барысында полиция қызметкерлері көлікті алкогольдік масаң күйде басқарудың 18 дерегін анықтады. Әрбір құқық бұзушыға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Мас күйде көлік басқарғаны үшін жүргізушіге әкімшілік қамаққа алу және көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айыру жазасы қарастырылған. Ұсталғандардың арасында бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілер де болды. Мәселен, Иманов көшесінде полиция қызметкерлері 46 жастағы ер адамның басқаруындағы Kia K5 автокөлігін тоқтатты.

Құдайбердіұлы көшесінде Hyundai автокөлігін басқарған 35 жастағы жүргізуші ұсталды. Сондай-ақ Мұқанов көшесінде полицейлер 35 жастағы ер адамның басқаруындағы Audi автокөлігін тоқтатты. Үш жағдайда да медициналық куәландыру жүргізушілердің алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Құқық бұзушылар уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөліктері коммуналдық айып тұрағына қойылды. Тексеру барысында аталған үш жүргізушінің де бұған дейін сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Әрбір дерек бойынша көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның алкогольдік масаң күйде көлік басқару фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді