Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізуші ұсталды

Елордада көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізуші ұсталды
Фото: kazlenta.kz

Елордада көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аққайың көшесінде сағат 06:00 шамасында кезекті қызмет күнін атқарып жүрген патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Volkswagen Polo автокөлігін тоқтатқан. Оны тексеру барысында жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды.

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, 32 жастағы жүргізуші “жеңіл” дәрежедегі алкогольдік масаң күйінде көлікті басқарған.

Көлікті басқарған Ақтөбе облысының тұрғыны ағымдағы жылдың сәуір айында көлікті басқару құқығынан және жүргізуші куәлігінен айырылғандығы белгілі болды. Ұсталған жүргізуші оған қарамастан, рөлге қайта отырған.

Мас жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлiк құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Автокөлік қоғамдық көлік тұрағына қойылды.

Аталған дерекке қатысты қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Заңнамаға сәйкес жүргізуші 5 мың АЕК-ке дейінгі айыппұл төлеуге немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Елордада бір түн ішінде мас күйде көлік басқарған 3 жүргізуші ұсталды. Жалпы жүргізушілер тарапынан 23 жол жүру ережесін бұзылып, оның ішінде 3 автокөлік пен 1 мотоцикл коммуналдық тұраққа қойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді