Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті

«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Рыскелді қажы» мешітінде тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Рыскелді қажы» мешітінің бас имамы, белгілі дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы, «Жасыл ел» жастардан құралған еңбек жасақтары және т.б. табиғат жанашырлары тазалық акциясын өткізді.

Аталған игі бастамаға 100-ге жуық адам қатысты. Акция барысында ағаштарды суару, арам шөптерді жұлу және мешіт айналасын абаттандыру жұмысы атқарылды.

Басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғауға, жастарды еңбекқорлыққа тәрбиелеуге үндеу. Бастама қоғамдық тазалықты нығайтуға және экологиялық мәдениеттің дамуына ықпал етуге бағытталған.

«Тазалық бір күнде ғана атқарылып қоятын шаруа деп қарауға болмайды. Бұл әрдайым жүзеге асып отыратын ілкімді іс. Мешіт атырабы, тұрғын үйлердің маңайында тазалық жұмысы әрқашан жүзеге асқаны абзал. Айналаның абаттануына, гүлзарлардың, ауланың тазаруына табиғат жанашырлары, жастар да өз үлесін қосты. Еңбекке тартылып, тазалыққа атсалысуға келген жастарға ұлттық құндылық ретінде бата берілді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыратын мұндай бастамалар жалғасын тапса нұр үстіне нұр», – деді дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді