Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет жол бойындағы сервис стансаларын салуға шамамен 180 млрд теңге инвестиция тарту жөніндегі жобаны мақұлдады

Үкімет жол бойындағы сервис стансаларын салуға шамамен 180 млрд теңге инвестиция тарту жөніндегі жобаны мақұлдады
Фото: primeminister.kz

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Көлік министрлігі мен «Car Park Transformer» ЖШС арасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, жол бойындағы сервис стансаларын салу жөніндегі инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаға тартылатын жеке инвестицияның жалпы көлемі 179,5 млрд теңгені құрайды. 

Аталған жоба халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойындағы қазіргі бар демалыс алаңдарында 2030 жылға дейін жол бойындағы 250 сервис стансасын салуды көздейді. Оның ішінде алғашқы 50 нысан биыл салынып, пайдалануға беріледі. Жаңа стансалар санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды, сауда және қызмет көрсету пункттерін, электрлі көліктерге арналған қуаттау стансаларын, күн энергиясын өндіретін қондырғыларды қамтиды. Сонымен қатар жаңа стансалар іргелес аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілген заманауи көпфункционалды кешендер ретінде салынады.

Жобаны жүзеге асыру халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жол бойындағы қызмет көрсету нысандары желісін кеңейтуге, электромобильдер үшін заманауи инфрақұрылым құруға және көлік саласында экологиялық бағдарланған шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жол бойындағы сервис стансаларының құрылысы жақын маңдағы өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға серпін береді. Жоба аясында 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Бүгінде елімізде халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойында 1 428 сервис нысаны жұмыс істейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды