Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Үкіметі Қарағанды облысында құны 42,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт салу жобасын мақұлдады

Қазақстан Үкіметі Қарағанды облысында құны 42,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт салу жобасын мақұлдады
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың импортты алмастыру және отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС арасындағы өндірістік қуаттарды салу және жаңғырту жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 42,5 млрд теңгені құрайды. Жоба саладағы ірі инвестициялық бастамалардың біріне айналады және фармацевтикалық өндірісті локализациялауды тереңдетуге, сондай-ақ жоғары технологиялық өндірістік қуаттарды дамытуға бағытталған. 

Жоба аясында дәрілік заттардың 74 атауын өндіру жоспарланып отыр. Өндірістік желі медицинаның маңызды бағыттарын, оның ішінде, онкологиялық, аутоиммунды және орфандық ауруларды емдеуге арналған инновациялық дәрілік препараттарды қамтиды. Зауыт әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу мен емдеуге қажетті иммунобиологиялық және басқа да жоғары технологиялық препараттарды өндірумен қатар, әлемдік стандарттар бойынша белсенді фармацевтикалық ингредиенттердің, биологиялық және биотехнологиялық өнімдердің синтедеуді жолға қояды. Бұл фармацевтика саласын дамытудың мемлекеттік басымдықтарына сәйкес келеді. 

Жобаны жүзеге асыру еліміздің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға және Қарағандыда 70-ке жуық жаңа жұмыс орнын аша отырып, заманауи фармацевтикалық өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, Қазақстанның фармацевтика саласы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша фармацевтика өндірісінің көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға артып, 191,1 млрд теңгеге жетті, бұл ретте инвестиция көлемі бір жыл ішінде $91,3 млн-нан $142,8 млн-ға дейін өсті. 2025 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін салада жалпы сомасы 360 млрд теңгеге жеті инвестициялық келісім жасалды, олар 474-ке жуық дәрілік заттардың атауын өндіруге және 1 170-тен астам тұрақты жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді