Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет Ақтау бу-газ қондырғысын салу жөніндегі келісімге қол қоюды мақұлдады

Үкімет Ақтау бу-газ қондырғысын салу жөніндегі келісімге қол қоюды мақұлдады
Фото: primeminister.kz

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында Ақтау қаласында қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу жөніндегі ҚР Энергетика министрлігі мен «Ақтау энергетика компаниясы» ЖШС арасында жасалатын инвестициялық келісімге қол қоюды мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтау энергетика компаниясы 2024 жылы Қытайдың электр энергиясын өндіретін бес ірі ұлттық компаниясының қатарына кіретін мемлекеттік China Huadian Corporation Ltd. корпорациясымен бірлесіп құрылған.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі шамамен 108 млрд теңгені құрайды. Оның 70%-ын қытайлық инвестор, ал 30%-ын қазақстандық тарап қамтамасыз етеді. «МАЭК» ЖШС алаңында салынатын бу-газ қондырғысын пайдалануға беру 2027 жылдың маусымына жоспарланған.

Келісім шарттарына сәйкес, инвестор қазақстандық мамандар үшін 300-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға міндеттеледі. Сонымен қатар «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша қызметкерлерді Қытайдың салалық жоғары оқу орындарында магистратурада оқытуға жыл сайын гранттар беру қарастырылған. Бұдан бөлек, қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру және үздіксіз білім беру жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Келісім мерзімі аяқталғаннан кейін бу-газ қондырғысы «МАЭК» ЖШС теңгеріміне өтеусіз беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтау энергетика компаниясы «МАЭК» ЖШС-нің қолданыстағы қуаттарын кеңейту жұмыстарын бастаған болатын.

Жалпы, инвестициялар қуат тапшылығын толтыруды қамтамасыз етуге, өңірді электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және тұтастай алғанда елдің энергия жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі