Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік министрлігі мен Car Park Transformer Limited ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Көлік министрлігі мен Car Park Transformer Limited ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Көлік министрлігі мен Car Park Transformer Limited ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрілігіне сілтеме жасап.

Аталған меморандумның мақсаты – халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы демалыс алаңдарында СРТ озық технологияларын пайдалана отырып, электромобильдерге қызмет көрсету станцияларын монтаждау және пайдалану жөніндегі жобаны өрістету.

Аталған жоба Қазақстанда экологиялық таза көліктердің одан әрі таралуына ықпал ете отырып, электромобиль иелері үшін ыңғайлы және қолжетімді инфрақұрылым құруға бағытталған.

Айта кетерлігі, бұл келісім СРТ озық технологияларын пайдалана отырып, электромобильдер үшін инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ ұмтылысты көрсетеді. Осы стратегиялық әріптестікте ҚР Көлік саласындағы инновациялық шешімдерді интеграциялау саласындағы танылған көшбасшы – Car Pad Transformer Limited Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің серіктесі болмақ.

Ынтымақтастық аясында орнатылатын станциялар автомобиль қозғалысының барлық қатысушысы үшін қолайлы мультисервистік ортаны қамтамасыз етеді деп жоспарланып отыр. Олардың құрамына электромобильдерді зарядтауға арналған нүктелер, сауда алаңдары кіреді. Ол осындай алаңдарды автомобильдерге қызмет көрсету орны деп қана шектелмей, сонымен қатар жүргізушілер мен жолаушылар үшін ыңғайлы демалыс орнына айналдырады.

ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті мен Car Park Transformer Limited арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою елдегі экологиялық таза көлік инфрақұрылымын дамыту үшін жаңа перспективалар ашып, орнықты даму саласындағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етуге бағытталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты