Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік полицейлері құрықтаған қылмыстық топқа сот үкімі шықты

Көлік полицейлері құрықтаған қылмыстық топқа сот үкімі шықты
Фото: polisia.kz

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ұстаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 16 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткі қылмысымен айналысқан топтың заңсыз әрекеті өткен жылдың мамыр айында тоқтатылған. Жедел іс-шаралар барысында көлік полицейлері бірнеше адамның Астана, Қарағанды және Шымкент қалаларында есірткі саудасын ұйымдастырмақ болғанын анықтады. Полиция қызметкерлерінің жедел жұмысының нәтижесінде олардың қылмыстық жоспары жүзеге аспады. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 6 адам ұсталды. Олардың арасында шетел азаматтары да бар. Тергеу барысында топ мүшелерінің әрқайсысына белгілі бір міндет жүктелгені анықталды. Бірі курьер болса, енді бірі бүкіл жұмысты үйлестіріп отырған. Ірі көлемдегі есірткі арнайы жасырын орын ретінде жабдықталған гараждарда сақталған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жиналған дәлелдер олардың ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында әрекет еткенін растады. Тінту кезінде автокөлік дөңгелектерінің ішіне жасырылған және сатуға дайындалған ірі көлемдегі есірткі тәркіленді. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 105 келіден астам есірткі алынды. Бұл аса ірі көлемге жатады. Аталған дерек бойынша көлік полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Тергеу барысында анықталғандай, елден тыс жерде әрекет еткен куратордың жеке басын анықтау және оны жауапқа тарту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық мүшесі кінәлі деп танылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды