Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында есірткі зертханаларының желісі жойылды

Қарағанды облысында есірткі зертханаларының желісі жойылды
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысының полиция департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен есірткі және психотроптық заттарды өндірумен және таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған қылмыстық істің аясында облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысы Асыл ауылында есірткі зертханасы жойылды. Оқиға орнынан 200 келіге жуық есірткі заттары мен оларды өндіруге арналған жабдықтар табылды. Операция барысында Алматы қаласының тумалары 25 пен 29 жас аралығындағы ерлі-зайыпты ұсталды.

Кейінгі жедел іс-шаралардың нәтижесінде Алматы қаласында есірткі зертханалары желісін ұйымдастырушы - Теміртау қаласының 30 жастағы тумасы ұсталды. Күдіктіден ноутбук, таразы, күнделіктер және қылмыстық желінің қызметін үйлестіру үшін пайдаланылған 21 ұялы телефон тәркіленді.

Тергеу нәтижесінде күдіктінің Қарағанды және Алматы облыстарында орналасқан бес есірткі зертханасын ұйымдастыруға қатысы бар екені анықталды. Олардың ішінде 2024 жылдың 17 қарашасында Қарағанды қаласында жойылған зертхана, онда 10 кг дайын синтетикалық есірткі мен бір тоннадан астам прекурсор тәркіленген, сондай-ақ 2023 жылдың маусым айында Қарағанды облысының Ақтау ауылында жойылған зертхана бар.

Барлығы бес адам қылмыстық әрекетке қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық қатысушыларын анықтау және олардың заңсыз әрекеттерін тоқтату бойынша жедел-тергеу шаралары жалғасуда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты