Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әуежайында ұсталған есірткі курьері 16 жылға сотталды

Алматы әуежайында ұсталған есірткі курьері 16 жылға сотталды
Фото: polisia.kz

Көлік полицейлері Алматы әуежайында аса ірі мөлшердегі есірткі контрабандасының жолын кесті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері Алматы халықаралық әуежайында аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз тасымалдау дерегін анықтады. 2025 жылдың желтоқсан айында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бангкок – Алматы бағытындағы рейспен келген Жамбыл облысының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Тексеру кезінде күдіктінің жүгінен жалпы салмағы 8 келі 879 грамм болатын гашиш майы есірткі заты табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша көлік полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тергеу барысында күдіктінің заңға қайшы әрекетке қасақана барғаны, материалдық пайда табу мақсатында алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізуге, сондай-ақ оларды сақтау мен жөнелтуге қатысқаны анықталды. Жиналған дәлелдемелер негізінде іс сотқа жолданды. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен күдікті кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Көліктегі полиция департаменті азаматтарға есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы, оларды тасымалдау, сақтау және өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды