Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Krisha сайты заң талаптарына сәйкес келмейтін жарнама орналастырғаны үшін айыппұл төледі

Алматыда Krisha сайты заң талаптарына сәйкес келмейтін жарнама орналастырғаны үшін айыппұл төледі
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, құқық бұзушылық үлестік құрылысқа қатысушылардың қаражатын тартуға рұқсаты жоқ тұрғын үй құрылысы нысандарының жарнамасын орналастыруға байланысты анықталған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Krisha.kz және Korter.kz интернет-платформаларының операторларына Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңы талаптарын бұза отырып, құрылыс нысандарының жарнамасын орналастырғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына азаматтардың қаражатын тартуға, сондай-ақ осындай нысандарды жарнамалауға уәкілетті органның тиісті рұқсаты немесе үлескерлердің құқығын қорғаудың заңда көзделген өзге де тетіктері болған жағдайда ғана жол беріледі. Аталған интернет-алаңдарда жарнамаланған нысандарда мұндай рұқсат құжаттары болмаған.

Нәтижесінде екі компанияға да әкімшілік айыппұл салынды: «Колеса» АҚ-на (Krisha.kz) – 1000 АЕК, ал «Флетфай-Қазақстан» филиалына (Korter.kz) – 500 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалды.

Еске сала кетейік, бастапқы тұрғын үй нарығынан баспана сатып алмас бұрын азаматтарға құрылыс салушыда үлескерлердің қаражатын тартуға берілген рұқсаттың және басқа да рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеру ұсынылады.

Салынып жатқан нысандарға қатысты рұқсат құжаттары туралы ақпарат алу үшін тұрғындар Қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (705) 89 66 000 нөмірі бойынша анықтамалық WhatsApp-арнасына жүгіне алады. Айта кету керек, арна іске қосылғаннан бері азаматтардан түскен 10 мыңнан астам өтініш қаралған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды