Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада рұқсатсыз салынған нысан бұзылады

Астанада рұқсатсыз салынған нысан бұзылады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордалық қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы нысанды өз бетінше салуынған нысанның жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қала прокуратурасының үйлестіруімен елорда аумағында азаматтардың қаражатын тиісті рұқсатсыз заңсыз тарту фактісі анықталды.Құрылыс салушы «INTER Stroy Astana» ЖШС «QURMANGAZY» көпқабатты үй салу үшін үлескерлердің ақшасын қабылдаған.Құрылысқа тапсырыс беруші объектіде жерге тиісті құқық, заңда белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама, техникалық және авторлық қадағалауларды сүйемелдеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама болмаған, осыған қарамастан құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастады, бұл өз кезегінде «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу болып саналады.Осылайша, құрылыс салушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, оған жол берілген бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.  

Берілген нұсқаманы орындау үшін құрылыс салушы ерікті түрде заңсыз объектіні бұзу бойынша іс-шара жүргізеді.Естеріңізге сала кетейік, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты