Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы заңнама өзгерістері талқыланды

Астанада тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы заңнама өзгерістері талқыланды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша ҚР заңнамасындағы өзгерістер талқыланды. Жиынды қалалық орта сапасы мен бақылау басқармасы прокуратураның үйлестіруімен өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Талқылауға құқық қорғау органдарының, ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің, қаланың нотариаттық палатасының және «Krisha.kz», «Korter.kz» маркетплейстерінің өкілдері қатысты.Басқарма басшысы Ғани Тажиевтің айтуынша, 2024-2025 жылдар аралығында «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңы талаптарын бұзғаны үшін 95 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 90 млн теңге айыппұл салынған.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары шамамен 11 қылмыстық істі тергеп жатыр. Жиын барысында «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ, Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы және «Қазақстан құрылысшылар одағы» өкілдері сөз сөйледі.Көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне рұқсат пен Бірыңғай оператордың кепілдігі болмаса, олардың жарнамасын жасауға, қолма-қол емес есеп айырысулар жүргізуге және ипотекалық несие беруге тыйым салу мәселелері қаралды.Айта кету керек, Заңға сәйкес, құрылыс салушыларға салынатын айыппұл мөлшері 2000 АЕК-ке (7 864 000 теңге) дейін арттырылып, жауапкершілік күшейтілді. Заң талаптарын бұзу заңдық жауапкершілікке әкеп соқтырады және адал емес құрылыс салушылар тізіміне еніп, олардың қызметіне шектеу қойылуы мүмкін.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады