Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы 76 нысанда құрылыс тоқтатылды

Астанадағы 76 нысанда құрылыс тоқтатылды
Фото: pixabay.com

Қала аумағында рұқсат құжаттары жоқ 96 нысанның құрылысы жүргізілген. Көппәтерлі тұрғын үй кешені нысандарын өз бетінше салу мәселесі жөніндегі жұмыс тобы заңсыз құрылыс салу фактілерін анықтап қана қоймай, рұқсат құжаттары жоқ құрылыс салушыларға жан-жақты көмек көрсетеді. Осылайша, 96 нысанның 20-сы құрылыс жүргізуіне қажетті рұқсат құжаттарын толықтай алды. Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың, Қазақстан құрылысшылар одағының және Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығының өкілдері кіреді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта рұқсат құжаттарынсыз құрылысы жүріп жатқан 76 нысан анықталды. Олардың қатарында: «Mars Project» ЖШС, «Aiz Kurylys» ЖШС, «Русалдинг Line» ЖШС, «Билдинг компани» ЖШС, «Expert Consulting Agency Kazakhstan» ЖШС, «Тауекел Инжиниринг» ЖШС, «Global Millennium» ЖШС, «Handan-Astana» ЖШС, «Oreol-Group» және т.б.

Рұқсат құжаттарынсыз құрылыс жүргізетін субъектілердің бәріне жұмысын тоқтату туралы нұсқама беріледі әрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ тиісті жер құқығынсыз құрылысы жүріп жатқан 20 объект (76 объектінің ішінде) бойынша сот органдарына демонтаждау бойынша талап арыздар берілетін болады.

Көппәтерлі тұрғын үй кешендері құрылысының жаңа нысандары рұқсат құжаттарынсыз жүріп жатқаны анықталар болса, бұл объектілер өз бетінше салынып жатқан құрылыс деп танылып, бұзылатын болады.

Сондай-ақ, қалада «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңының талаптарын сақтау бойынша бірқатар түйткілді мәселе бар.

онымен қатар, қала тұрғындарын ақпараттандыру және заңның бұзылуына жол бермеу мақсатында әкімдіктің ресми ресурстарында және БАҚ-та үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың «қара тізімі» жүйелі түрде жарияланып тұрады.

Құрылыс компаниялары үлескерлердің қаражатын мынадай жағдайларда ғана қабылдай алады:
1) тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігін алу;
2) Екінші деңгейлі банктің жобасына қатысу;
3) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.

Егер қолданыстағы заңды бұза отырып, сізбен мәміле жасалған жағдайда, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 9, 324-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан «Астана қаласы қалалық ортаның бақылау және сапа басқармасы» ММ уәкілетті органына хабарласуыңызды сұраймыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді