Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

5000-ға жуық фермер көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына арналған жеңілдетілген қаржыландыру алды

5000-ға жуық фермер көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына арналған жеңілдетілген қаржыландыру алды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Қазақстанда 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына арналған қаржыландыру бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 қазанда Мемлекет басшысының егіс науқанын уақтылы әрі сапалы өткізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында басталды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%-ды құрайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта жалпы сомасы 637 млрд теңгені құрайтын 5307 өтінім қабылданды. Соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 4968 өтінімі мақұлданып, 578 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Жалпы алғанда, 2026 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген несиелеуге 750 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Қаражат «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары, өңірлік инвестициялық орталықтар, кредиттік серіктестіктер және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы беріледі.

Несие алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесін жылдық 5%-ға дейін төмендету мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау тетігі қолданылуда. Сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы несиелерге кепілдік беру жалғасуда. Бұл қарыз сомасының 85%-ына дейін кепілдікпен қамтуға мүмкіндік береді.

Жеңілдетілген қаржыландыру көктемгі егіс жұмыстарына дайындық пен оларды жүргізуге, сондай-ақ егін жинау науқаны мен маусымдық шығындарды қаржыландыруға беріледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді