Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда майлы дақылдар мен жемшөпке арналған алқаптар ұлғайды

Қазақстанда майлы дақылдар мен жемшөпке арналған алқаптар ұлғайды
Фото: primeminister.kz

Қазақстанда 2026 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы бекітілді. Егіс құрылымы бидай алқаптарын қысқарту және жоғары рентабельді дақылдардың үлесін ұлғайту бойынша әртараптандыру жұмыстарын жалғастыруға бағытталған. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы, жеңілдетілген несиелеу тетіктері және диқандарды ресурстармен қамтамасыз ету туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайта өңдеу кәсіпорындарының шикізат базасын қамтамасыз ету және баға ауытқуларының тәуекелдерін төмендету үшін осы жылы жалпы егіс алаңы шамамен 23,8 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға көп.

Жоғары рентабельді дақылдарға басымдық беріледі. 2026 жылға арналған егіс құрылымы мынадай өзгерістерді көздейді:

Азықтық дақылдар: 242 мың гектарға көбейеді;

Арпа: 94 мың гектарға;

Жүгері: 90 мың гектарға (265 мың гектарға дейін жеткізу);

Майлы дақылдар: 55 мың гектарға;

Картоп: 10,3 мың гектарға;

Бидай: 125 мың гектарға қысқарады (12,1 млн га құрайды).

Биыл көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген кредит беруге 700 млрд теңге бағыттау жоспарлануда. Егер 2025 жылғы егіс науқанына ерте қаржыландыру 2024 жылдың қараша айының соңында басталған болса, 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінімдерді қабылдау өткен жылдың қазан айында басталды. Осының нәтижесінде, бүгінгі күні шамамен 1 900 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 200 млрд теңге сомасына қаржыландырылды, бұл жалпы қаржыландыру көлемінің шамамен 27%-ын құрайды және өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық, — деді Айдарбек Сапаров.
Бұдан бөлек, Министрдің мәліметінше, егіс науқанын сапалы әрі уақтылы жүргізу үшін 402 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінген, ал ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту деңгейін 8%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті