Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Аграрлық сала өкілдеріне көктемгі дала жұмыстары үшін 612 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді

Аграрлық сала өкілдеріне көктемгі дала жұмыстары үшін 612 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының егіс науқанын уақтылы әрі сапалы өткізу жөніндегі тапсырмасы аясында 2025 жылғы 1 қазаннан өтінім қабылдап жатқан «Кең дала 2» бағдарламасын іске асыру жалғасуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына 750 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%-ды құрайды.

Бүгінгі күні 4,5 мың ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі 612 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Бұл 7,2 млн гектар егіс алқабын қамтып отыр.

Сонымен қатар «Даму» қоры арқылы несиелерге кепілдік беру тетігі қатар қолға алынуда. Бұл тетік несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік беруге мүмкіндік береді. Есепті кезеңде 191 млрд қаржыға 1 125 кепілдік берілді.

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынының артқан. Мәселен, 114 млрд теңгеге 2,9 мың бірлік арнайы техника жеткізуге 1,8 мың жеңілдетілген лизинг шарты жасалды. Салыстыру үшін айтсақ, 2025 жылдың осы кезеңінде лизинг келісімдерінің көлемі 30,4 млрд теңгені құраған, бұл саланы жаңғыртудың айтарлықтай қарқынды екенін айғақтайды.

Қаржыландырудың ерте басталуы аграршыларға биылға егіс науқанына алдын ала дайындалуға жол ашты. Алынған қаражат жанар-жағармай материалдарын тиімді бағамен сатып алуға, минералды тыңайтқыштар алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге және қажетті тұқым қорын қалыптастыруға бағытталуда.

Жеңілдетілген қаржыландыру көктемгі дала жұмыстарын дайындау мен өткізуге, сондай-ақ егін жинау науқаны мен маусымдық шығындарды жабуға қолжетімді болмақ. Қаражат «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының филиалдық желісі арқылы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, өңірлік инвестициялық орталықтар және басқа да ұйымдар арқылы ұсынылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады