Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

3287 аграрлық сала өкілдері егіс науқанына ерте қаржыландыруға қол жеткізді

3287 аграрлық сала өкілдері егіс науқанына ерте қаржыландыруға қол жеткізді
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Биылғы көктемгі дала жұмыстарына қаржыландыру бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Мемлекет басшысының көктемгі дала жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында өтінім қабылдау 2025 жылдың 1 қазанында басталған болатын, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5 пайыз. Бүгінгі таңда 556 млрд теңге көлемінде, құрамында 3963 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бар, арнайы топ қалыптастырылды. Соның ішінде 334 млрд теңгеге 3287 өтінім қаржыландырылып, 4 млн гектардан астам егіс алқабы қамтылды.

Сонымен қатар «Даму» қоры арқылы қарыздарға кепілдік беру тетігі жүзеге асырылуда. Бұл несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдік беруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 148 млрд теңге сомасына 753 кепілдік берілген.

Қаржыландырудың ерте басталуы диқандарға 2026 жылғы егіс науқанына алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді. Алынған қаражат тиімді бағамен жанар-жағармай алуға, минералды тыңайтқыштар сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге және қажетті тұқым қорын қалыптастыруға жұмсалуда.

Жеңілдетілген қаржыландыру көктемгі дала жұмыстарын дайындау мен өткізуге ғана емес, сондай-ақ өнім жинау науқанына және маусымдық шығындарды өтеуге де қолжетімді. Қаражат еліміз бойынша Аграрлық несие корпорациясының бөлімшелері мен серіктес қаржы ұйымдары арқылы беріледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады