Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы мен Мажарстан: серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері

Алматы мен Мажарстан: серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алматыдағы Мажарстанның Бас консулы Саболч Карой Сёкемен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, инвестиция тарту, сондай-ақ туризм, білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық жайын талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мажарстан Қазақстанның Еуропадағы маңызды серіктестерінің бірі саналады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы мен Мажарстан арасындағы тауар айналымы 106 миллион АҚШ доллар болды. Кездесу барысында фармацевтика, агроөнеркәсіптік кешен, жасыл технология, цифрландыру және қала инфрақұрылымы салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.

Білім беру саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Гуманитарлық байланысты нығайтуда Stipendium Hungaricum бағдарламасының маңызы зор. Аталған бағдарлама қазақстандық студенттерге Мажарстанның жоғары оқу орындарында білім алуға гранттар ұсынып келеді. Кездесу қорытындысында тараптар әріптестікті одан әрі кеңейтуге және жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 комментарий
  • Kandi
  • 16-06-2026, 17:55
  • : 17:55
References: Beste online casino bonus boomerang casino auszahlung
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді