Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар әл-Хорезми халықаралық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті

Қазақстандық оқушылар әл-Хорезми халықаралық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) өз мәресіне жетті. Білім додасына әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар қатысып, теориялық және практикалық тапсырмалар бойынша бақ сынады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Халықаралық олимпиаданың басты мақсаты – математика мен информатика салаларындағы талантты жастарды анықтап, олардың ғылыми-зерттеу және зияткерлік әлеуетін дамыту.

Қазақстан құрамасында білімін көрсеткен сегіз оқушының барлығы жүлдегер атанып, ел қоржынына төрт алтын, үш күміс және бір қола медаль салды. Осылайша ұлттық құрама 100 пайыздық нәтижеге қол жеткізді.

Алтын медаль иегерлері:
Бердімұрат Ахмет – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Жанделдинов Бексұлтан – Павлодар қаласындағы «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы;

Мұхитұлы Алдияр – Алматы қаласындағы NIS-тің 9-сынып оқушысы;

Еламан Әлішер – Алматы қаласындағы РФММ-нің 8-сынып оқушысы.

Күміс медаль иегерлері:
Белгімбаев Әмір – Алматы қаласындағы РФММ-нің 9-сынып оқушысы;

Ермұханов Ислам – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Жангелді Санжар – Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Қола медальді Павлодар қаласындағы «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Ғаллам Әлішер жеңіп алды.

Ұлттық құраманың жетекшілері – Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі Асхат Әбдікулов және IITU сеньор-лекторы Айбар Қуанышбай.

Қазақстандық оқушылардың бұл жетістігі еліміздің халықаралық білім олимпиадаларындағы жоғары нәтижелерін жалғастырып, жас таланттардың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді