Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО делегациясы Қытайда өңіраралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

БҚО делегациясы Қытайда өңіраралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: БҚО әкімдігі

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев жетекшілік еткен батысқазақстандық ресми және іскерлік делегация Қытайға жұмыс сапарымен барды. Оның аясында облыс әкімі Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті. Іс-шараның өтуіне Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі қолдау көрсетті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халық саны 40 миллионнан асатын Ляонин провинциясы – мұнай-газ саласында тәжірибесі мол, өнеркәсіптік әлеуеті жоғары өңір. Бұл салалар Батыс Қазақстан облысы үшін де ерекше маңызға ие. Аграрлық секторды дамытудағы қолайлы мүмкіндіктер жағынан да қос өлкенің ұқсастығы көп. Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының «алтын 30 жылдығы» аясында өңіраралық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді. Облыс әкімі екі ел көшбасшыларының басшылығымен Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік сапалық тұрғыдан нығайып келе жатқанын атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен біз өңірдегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсартып, қызығушылық танытқан компанияларға жаңа мүмкіндіктер ұсынып отырмыз. Қытайлық инвесторлармен бірлесіп, сұйық метанол, цемент зауыттары, газ турбиналы және жел электр стансаларын салу және өзге де маңызды жобаларды іске асырып жатырмыз. Жұмыс орындарын ашам, өндірісті дамытам деген инвесторлар үшін арнайы экономикалық аймақ бар, - деді Нариман Төреғалиев.

Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэй де өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин екі ел бір-біріне сенім артатын стратегиялық серіктестер екенін үнемі атап өтеді. Кейінгі жылдары Ляонин өлкесі мен Қазақстан арасындағы байланыс беки түсті. Былтыр екіжақты сауда айналымы 2,7 миллиард юаньға жетті. Сіздердің Халықаралық бауырлас қалалар форумына келулеріңіз ортақ мақсат жолындағы шынайы ықыласты білдіреді, - деді Ван Синьвэй.

Қытайлық тарап достық байланыс, өндірістік ынтымақтастықты тереңдетуден бөлек, Қытай мен Қазақстан мәдениетінің жылы аясында мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге де мүдделілік танытты.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды