Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Чжэцзян провинциясы арасындағы өңіраралық ынтымақтастық күшейеді

Қазақстан мен Чжэцзян провинциясы арасындағы өңіраралық ынтымақтастық күшейеді
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайға жұмыс сапары барысында Ханчжоу қаласында Чжэцзян провинциясы партия комитетінің хатшысы Ван Хао мырзамен, сондай-ақ Қытайдың жетекші өнеркәсіптік компанияларының басшыларымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында тараптар екіжақты стратегиялық әріптестіктің басым бағыттары бойынша жан-жақты пікір алмасып, инвестициялық, өнеркәсіптік өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету перспективаларын қарастырды, сондай-ақ Қазақстан мен Чжэцзян провинциясы арасында машина жасау, автомобиль жасау, жаңа және жоғары технологиялар сияқты салалардағы ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде өңіраралық деңгейде практикалық өзара іс-қимылды жандандыру жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізді.

Сондай-ақ Қазақстан-Қытай өнеркәсіптік ынтымақтастығының орнықты серпіні және ірі индустриялық жобаларды жүзеге асырудағы қытай компанияларының айтарлықтай практикалық тәжірибесі туралы айтылды. Өзара іс-қимыл Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік шеңберінде дамиды және экономиканың серпінді салаларын ұзақмерзімді технологиялық дамытуға бағдарланады.

Кездесу қорытындысы бойынша қытайлық компаниялардың өкілдері қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйекті жүзеге асыруға, өндірістік және технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан аумағында заманауи инженерлік шешімдерді локализациялау мен енгізуді тереңдетуге дайындығын растады.

Роман Скляр Қазақстан Үкіметінің бірлескен бастамаларды кідіріссіз қолдауға және дамытуға, сондай-ақ оларды жүзеге асыруды үйлестіруге және барлық кезеңдерде жобаларды табысты орындау үшін жағдай жасауға дайын екендігін атап өтті. Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігі шеңберінде металлургия, тау-кен байыту өнеркәсібі және автомобиль өндірісі саласындағы басым жобаларды сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыру және практикалық пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті