Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Қытайға барды

Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Қытайға барды
Фото: primeminister.kz

2023 жылғы 16 желтоқсанда қытай тарапының шақыруымен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Қытайдың маңызды өнеркәсіптік, инновациялық және ғылыми-білім беру орталықтарының бірі Хэфэй қаласына (Аньхой провинциясы) барды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Аталған сапар барысында Роман Скляр Аньхой провинциясы Партия комитетінің хатшысы Хань Цзюньмен және Аньхой провинциясы Халық үкіметінің төрағасы Ван Цинсянмен келіссөздер жүргізіп, оның аясында тараптар Қазақстан өңірлері мен Аньхой провинциясы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің өзекті мәселелерін талқылады. 

Іс-шараның қорытындысы бойынша «Астана Моторс» ЖШС мен қытайлық «Chery International Co., Ltd.» автомобиль жасау компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті, онда «Алматы» индустриялық аймағында автоөнеркәсіптік парктің бірлескен құрылысы саласында жоғарыда аталған ҚР мен ҚХР кәсіпорындары арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамытуды көзделген.

Сапар соңында қазақстандық делегация «JAC Group» – «JAC Xinggang» және «JAC NIO» қытайлық ірі автомобиль жасау компанияларының бірі, сондай-ақ Хэфэй қаласының Экономикалық және технологиялық даму аймағын аралап,  «Sungrow Power Supply Co., Ltd.» қытай энергетикалық компаниясының өндірістік базаларының негізгі қызметімен танысты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты