Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Саин көшесін ұзарту учаскесінде көлік қозғалысы ашылды

Алматыда Саин көшесін ұзарту учаскесінде көлік қозғалысы ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін ұзарту жобасы бойынша көлік қозғалысы техникалық түрде ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа учаскенің ұзындығы – 3,2 км. Жобаны жүзеге асыру 2018 жылы басталған болатын. Жұмыстар жер телімдерін сатып алу жұмыстарының аяқталуына қарай кезең-кезеңімен жүргізілді. Соңғы жер телімі 2025 жылы қазан айында босатылды.

Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы өкілдерінің мәліметінше, 20 мамырға жоспарланған қозғалысты ашу ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілді. Қолайсыз ауа райы 110 кВ электр беру желісін көшіру жұмыстарын кешеуілдеткен.

Қазіргі уақытта жол бойында асфальтбетон жабынының төменгі қабаты төселді. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін асфальттың жоғарғы қабаты төселеді.

Сондай-ақ, учаскеде қосалқы жолдарды, жүргіншілер жолдарын, велосипед жолдарын салу және оған іргелес аумақтарды көркейту жұмыстары жалғасуда.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталғанға дейін бұл учаскеде жылдамдық шегі 40 км/сағ болып белгіленді.

Жүргізушілер жол белгілерінің талаптарын және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға тиіс.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді