Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 50 көше жөндеуден өтеді

Астанада 50 көше жөндеуден өтеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жөндеуден өтетін көшелер жайлы жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қаланың жол инфрақұрылымын жүйелі түрде дамытып жатырмыз. Биыл жалпы ұзындығы шамамен 12,5 шақырым болатын жаңа жолдар салынып, ұзындығы 58 шақырымды құрайтын 50 көше жөндеуден өтеді. Бұл жол жабындысының сапасын арттыруға, көлік кептелісін азайтуға және қозғалыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бүгінге дейін ұзындығы 49 шақырым болатын 41 көшеде жұмыс аяқталды. Мәселен, Абылай хан даңғылы А.Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейін, Фахд бен Абдул Азиз көшесі Байсейітова көшесінен Бейсекова көшесіне дейін, Сейфуллин көшесі Сарыарқа даңғылынан Республика даңғылына дейін, Жұмабаев көшесі Момышұлы даңғылынан Қошқарбаев даңғылына дейін, Бөкей көшесі Оқжетпес көшесінің соңына дейін, Ақбидай көшесі Қ.Кемеңгерұлы көшесінен Өндіріс көшесіне дейін және т.б.

Негізгі нысандар:

Ш.Бейсекова көшесі мен Н. Тілендиев даңғылының қиылысындағы көлік айрығы. Биыл жол өтпесінің және съездердің аралықтарын орнату жұмысын аяқтау жоспарланып отыр.
Бұқар жырау көшесі (Жошы хан көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін). Жоба толық жол инфрақұрылымын қамтиды: тротуарлар, жарықтандыру, бағдаршамдар, инженерлік желілер. Бүгінге дейін абаттандыру жұмысы жүргізіліп, асфальттың үстіңгі қабаты төселді, бағдаршам нысандары мен жарықтандыру тіректері орнатылды. Қазіргі уақытта қуат беру кабельдерін тарту, сондай-ақ «Заман» және «Ізет» тұрғын үй кешендері аумағында абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Жобаны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Қайсенов көшесі (Ұлы Дала даңғылынан Бұқар жырау көшесіне дейін). Қайсенов көшесінде инженерлік желілерді орнату жұмысы аяқталды. Жарықтандыру бағаналары мен жиектастар қойылды. Қазіргі уақытта аумақты абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Асфальттың алғашқы қабаты төселді. Жұмысты толықтай аяқтау қараша айына жоспарланып отыр.

Әйтеке би көшесі (Қ.Мұхамедханов көшесінен Сығанақ көшесіне дейін). Қазіргі уақытта жобаны жүзеге асыру жұмысы жүріп жатыр. Іргелес аумақты абаттандыру жүргізілуде. Жұмысты толық көлемде аяқтау биыл қазан айының соңына жоспарланған.

Мұхамедханов көшесі (Қорғалжын тасжолынан Айтматов көшесіне дейін). Құрылысы өткен жылы басталды, ал биыл жол қозғалысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл ірі қиылыстардағы кептелісті азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бүкіл учаске бойында жол жамылғысын төсеу жұмысы жүріп жатыр. 2025 жылы инженерлік желілерді толықтай орнату және Қорғалжын тасжолына дейінгі қозғалысты қамтамасыз ету жоспарланған.

Т.Рысқұлов көшесі (Мәңгілік Ел даңғылынан Нұра көшесіне дейін). Рысқұлов көшесінің аумағын абаттандыру жұмысы аяқталды. Жол бойына веложолақша салынды, сол сияқты Мәңгілік Ел даңғылынан Қайсенов көшесіне дейінгі аралықта асфальттың үстіңгі қабаты төселді. Сонымен қатар, бағдаршам нысандары орнатылып, жинақталған блокты трансформаторлы қосалқы станса салынды. Жобаны толық аяқтау 2026 жылға жоспарланып отыр», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті