Құлжа тас жолын жаңарту қыркүйекте аяқталады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейін Құлжа тас жолын қайта жаңарту жұмыстары қызған. Енді бұл жол 4 жолақтан 6 жолаққа дейін кеңейтіліп, өткізу қабілеті екі есеге артады. Жаңартылатын аумақтың жалпы ұзындығы 2,3 км.Қазір жолдың негізін салу және асфальттың төменгі қабатын төсеу жұмыстары аяқталды. Егер ауа-райы қолайлы болса, ұзындығы 500 метрлік учаскеде осы аптаның соңына дейін қозғалыс ашылады. Демалыс күндері 15 қыркүйекке дейін асфальттың жоғарғы қабатын төсеу жоспарланған, содан кейін олар тұрақты жол таңбасы сызылады.Сондай-ақ жол жиегіне ені 2-3 метр болатын тосқауыл қоршауы мен тротуар салу жұмыстары қолға алынған.5-09-2024, 12:57
Құлжа тас жолын жаңарту қыркүйекте аяқталады деп жоспарланып отыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз