Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының ботаниктері қаланы қалай қалай көгалдандырып жатқандарын айтты

Алматының ботаниктері қаланы қалай қалай көгалдандырып жатқандарын айтты
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыны әдемі өсімдікпен әсемдеп қоя салу аздық етеді. Оларды жақсылап күтіп-баптап, ағаш пен гүлді дұрыс таңдап, ғылыми тәсілді көбірек қолдану керек. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ботаника және фитоинтродукция институтының Бас ботаникалық бағының мамандары осылай деп мәлімдеді. Сарапшылар үлкен қалаларда неге жасыл желекке қажеттілік артқанын, Алматының климаты мен экологиясына төзімді өсімдіктерді ғалымдардың қалай іріктеп жатқанын жан-жақты баяндап берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дендрология зертханасының кіші ғылыми қызметкері Ботагоз Билибаеваның айтуынша, жасыл желек қала өмірінде маңызды рөл атқарады.

«Өсімдіктер ылғалды сақтауға көмектеседі, қолайлы микроклимат қалыптастырып, ауаның сапасын жақсартады. Дәл осы жасыл желектер қаланы өмір сүруге ыңғайлы әрі жайлы етеді. Олардың қалалық ортаға пайдасын бір ауыз сөзбен жеткізу қиын», — дейді Ботагоз Билибаева.

Дендрология зертханасының меңгерушісі Айнұр Есжанова ғалымдардың ағаштың бірыңғай цифрлық базасын құруға көңіл бөліп отырғанын айтты.

«Қаладағы ағаштар атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерін азайтуға көмектеседі. Бірақ бұл жұмыс тиімді болуы үшін қандай ағашты егу керектігін нақты біліп алу қажет. Сол үшін әр ағаш туралы ақпарат жинақталатын цифрлық деректер базасы керек. Мұндай жүйе қаланың жасыл қорын тиімді бақылауға мүмкіндік береді», — деп қосты Айнұр Есжанова.

Дендрология зертханасының аға ғылыми қызметкері Светлана Набиева әр өңір өзіне үйлесетін өсімдіктің түрін таңдап алуы керек деген ой қосты.

«Алматыда егетін өсімдіктің тізіміне осында кемі 20 жыл бойы жақсы өсіп келе жатқандарын ғана енгізеді. Мамандар әлемнің әр елінен жаңа өсімдіктің түрін әкеліп, олардың жергілікті климатқа жерсінетінін тексереді. Содан кейін ғана оларды көгалдандыруға қолданады», — дейді Светлана Набиева.

Жасыл желекке дұрыс күтім жасау негізгі міндет. Дендрология зертханасының аға ғылыми қызметкері Инга Бабайдың айтуынша, үлкен қалаларда ауаның ластануынан көбіне осы ағаш пен бұта қорғайды екен.

«Жасыл желектер ауаны шаң мен зиянды заттардан тазартуға көмектесіп, қаланы тұрғындарға жайлы етеді. Бірақ көгалдандырып қана қоя салу жеткіліксіз, өсімдіктерге тұрақты әрі дұрыс күтім қажет. Онсыз ең төзімді өсімдіктің өзі қасиетін жоғалтып, солып қалады», — деді Инга Бабай.

Қаланы гүлмен безендіру тәсілдері туралы ашық топырақтағы гүлді-сәндік өсімдіктер зертханасының меңгерушісі Ескендір Сәтеков былай деді.

«Гүлмен көгалдандыру әсемдік үшін ғана керек емес. Өсімдіктер қалалық ортаға төзімді, ұзақ уақыт гүлдейтін және күрделі күтімді қажет етпейтін болуы керек. Сонымен қатар балалар алаңы мен жаяу жүргіншілер аймағының маңында қауіпті немесе күшті аллергия тудыратын өсімдіктерді тағы қолдануға болмайды», — деді Ескендір Сәтеков.

Мамандардың айтуынша, бүгінде Бас ботаникалық бақ Алматы үшін тұрақты, әсем әрі жайлы жасыл орта қалыптастыру мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген өсімдікті зерттеп, бейімдеп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды