Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Алматыда 2026 жылы 550 мыңнан астам жасыл желек егіледі

«Таза Қазақстан»: Алматыда 2026 жылы 550 мыңнан астам жасыл желек егіледі
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Алматыда көгалдандыру және қоршаған ортаның сапасын жақсарту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026 жылы шамамен 550 мың жасыл желек егу жоспарланған. Оның ішінде биіктігі 5-6 метрден асатын 7,2 мыңнан астам ірі ағаш, 500 мыңнан астам бұта және кесілген 40 мыңға жуық ағаштың орнына биіктігі 2-2,5 метр болатын көшеттер отырғызылады.

Көктемгі кезеңде 19 мыңға жуық жасыл желек егу көзделіп отыр. Оны шамамен 3,7 мың ірі көлемді ағаш және кесілген 15 мың ағаштың орнына егілетін тал бар.

Қазіргі уақытта 6 мыңнан астам жасыл желек егілді, оның ішінде 2,6 мың ірі ағаш және 4 мыңға жуық көшет отырғызылған.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Садықов көшесінің бойына биіктігі 5-6 метр болатын 80 ірі көлемді ағаш егу жоспарланып отыр.

«Көгалдандыру жұмыстары климаттық ерекшелік пен қалалық ортаны дамыту басымдықтарын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізіледі. Негізгі назар өсімдіктердің жерсіну деңгейін арттыруға, төзімді түрлерді таңдауға және тұрғындар үшін жайлы жасыл кеңістік қалыптастыруға бағытталған», — деді Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Мадияр Көжекеев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады