Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Жасыл аула» экологиялық акциясы: Алматы тұрғындары жүздеген ағаш пен бұта отырғызды

«Жасыл аула» экологиялық акциясы: Алматы тұрғындары жүздеген ағаш пен бұта отырғызды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда тұрғын үй маңындағы аумақтарды көгалдандыруға және қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жасыл аула» экологиялық акциясының күзгі кезеңі аяқталды. Бұл туралы Алматының Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция жыл сайын көктем мен күз мезгілінде өткізіледі, бұл қала тұрғындарын, коммуналдық қызмет пен қоғамдық ұйымдарды біріктіретін игі іс-шараға айналды. Жобаның басты мақсаты – алматылықтарды көріктендіру ісіне тарту және үй жанында жайлы жасыл орта қалыптастыру.

Басқарманың мәліметінше, 18-19 қазанда өткен акция барысында 55 өтінім қабылданып, қанағаттандырылды. Қала тұрғындарына 528 көшет, оның ішінде 409 ағаш және 119 бұта берілді.

Акция барысында Бостандық ауданының тұрғындары ерекше белсенділік танытты, үй маңындағы және қоғамдық аумақтарға отырғызу үшін 124 көшет алды. Аудан қалалық ортаны көгалдандыруға жоғары бастамашылық пен қызығушылық танытты.

Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы акция қатысушыларының белсенділігін арттыратынын, қаланың экологиялық келбетін жақсартатынын атап өтті. Жоба тұрғындар мен қала қызметтері арасындағы әріптестікті нығайтуға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, Алматының жасыл қорын көздің қарашығындай сақтауға ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті