Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында полицияның автопаркі жаңа көліктермен толықты

Жамбыл облысында полицияның автопаркі жаңа көліктермен толықты
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев облыстық полиция департаментіне 88 жаңа қызметтік автокөліктің кілтін табыстады. Жаңадан берілген техникалардың қатарында патрульдік полиция қызметіне арналған 60 Skoda автокөлігі, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторларға 10 көлік, эвакуаторлар, сондай-ақ әр аудандық полиция бөлімдеріне бір-бірден автобус берілді. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген облыс әкімі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде полиция қызметкерлерінің рөлі ерекше екенін атап өтті. 

– Азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау – мемлекет алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан полиция қызметкерлерінің жұмысына қолайлы жағдай жасап, қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз ету әрдайым назарда болады, – деді Ербол Қарашөкеев. Жаңа автокөліктер құқық қорғау органдарының жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді. – Өңірде құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық әлеуетін күшейту бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл бастамалар полиция қызметінің тиімділігін арттырып қана қоймай, халықтың қауіпсіздік деңгейін жақсартуда өз септігін тигізеді, – деді ПД бастығы.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды