Жетісу облысының денсаулық сақтау саласы 40 жедел жәрдем көлігімен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz
Талдықорғанда көліктердің кілтін беру рәсімі салтанатты түрде ұйымдастырылып, оған облыс әкімі Бейбіт Исабаев пен Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Джансенгіров қатысты. «Биыл облыста денсаулық сақтау саласына 1,4 млрд теңге қаржы бөлінді. Соның едәуір бөлігі материалдық базаны жақсартуға бағытталып отыр.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл облыстың 6 ауданының ауылдарында 12 блок-модульдік медициналық кешен орнатылады.
Екі жылда мұндай нысандар тағы 40 ауылда салынады.2023 жылдан бастап «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңір ауылдарында тағы 59 нысанның құрылысы жоспарланған (15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік пункт, 5 медпункт).
Медицина мекемелерін салу мен оларды күрделі жөндеу, заманауи құрал-жабдықтармен қамту жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа келген сапарында бізге нақты тапсырма берді. Соған байланысты облыста медицина саласында құрылыс қарқынды жалғасады.
Бізде, әсіресе ауылдық жерлерде жедел жәрдем көлігінің жетіспеушілігі байқалады. Жедел жәрдем қызметкерлері – науқастарға бірінші кезекте шұғыл көмек беретін негізгі бригада. Сондықтан оның тиісті санитарлық көліктермен қамтамасыз етілуі аса маңызды.
«Соған орай 13 санитарлық автокөлік сатып алынып, аудандарға беріледі (8 берілді, 5-еуі қаңтарда беріледі). Өткен жылы жедел жәрдем автопаркі санитарлық көліктің кілтін тапсырғалы тұрмыз. Бұл жедел жәрдем автокөліктер алғашқы медициналық көмекке қажетті барлық құралдармен жабдықталған», - деді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев.
Өңір басшысының сөзінше, облыстағы жедел жәрдем стансасының санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілуі 100%-ға жетті.