Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде полицейлерге жаңа қызметтік автокөліктер мен пәтер кілттері табысталды

Ақтөбеде полицейлерге жаңа қызметтік автокөліктер мен пәтер кілттері табысталды
Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде полицейлерге жаңа қызметтік автокөліктер мен пәтер кілттері табысталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай және “Заң мен Тәртіп” тұжырымдамасын қолдау мақсатында Ақтөбе қаласында салтанатты түрде жаңа қызметтік автокөліктер мен қызметтік пәтерлерге сертификаттар табысталды. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ауылдық учаскелік инспекторларға арналған NIVA жаңа қызметтік автокөліктердің кілттерін полиция қызметкерлеріне жеке өзі табыс етті. Сонымен қатар 25 полиция қызметкеріне қызметтік пәтерлерге сертификаттар берілді. Бұл — мемлекет тарапынан көрсетілген маңызды әлеуметтік қолдаудың бір көрінісі.

Салтанатты рәсім барысында өңір басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық учаскелік инспекторларды тұрғын үймен қамтамасыз ету және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі тапсырмасының үнемі назарда екенін атап өтті.

Асхат Шахаров полиция қызметінің қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, тәртіп сақшыларының күнделікті қауіп-қатерге толы еңбегін жоғары бағалады. Оның айтуынша, “Заң мен Тәртіп” қағидаты бойынша жұмыс істейтін полицияның басты міндеті — қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, ал мемлекет бұл салаға тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Осы жылы 150 дана NIVA LEGEND қызметтік автокөлік сатып алынғаны — соның айқын дәлелі. Асхат Шахаров полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, оларға мықты денсаулық, отбасылық амандық және қызметте табыс тіледі. Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы өңір басшылығына көрсетілген қолдау үшін алғыс білдіріп, полиция қызметкерлері алдағы уақытта да ел мүддесіне адал қызмет ететінін жеткізді. Іс-шара полиция шығармашылық ұжымдары мен облыс өнерпаздарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті