Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырау облысында полицейлер егіз сәбиді ауруханаға жедел жеткізді

Атырау облысында полицейлер егіз сәбиді ауруханаға жедел жеткізді
Фото: polisia.kz

25 мамыр Атырау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының №25 бағытында қызмет атқарған полицейлер шұғыл жағдайда көмек көрсетті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызмет барысында сағат 21:27 шамасында Атырау – Орал тасжолының 9-шақырым тұсында Сарайшық ауылынан Атырау облыстық балалар ауруханасына бағыт алған арнайы жедел жәрдем көлігі техникалық ақауға байланысты жолда тоқтап қалған. Жедел жәрдем көлігінде науқас егіз сәбилер болған. Науқастардың жағдайын ескерген медицина қызметкерлері полициядан көмек сұраған. Полицейлер сәбилерді, олардың анасын және медицина қызметкерін арнайы қызметтік автокөлікке отырғызып, жарқылдауық маяктар мен арнайы дыбыстық сигналдарды қосып, Атырау қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жедел түрде жеткізді. Қазіргі таңда сәбилер дәрігерлердің бақылауында. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында сәбилерге уақытылы медициналық көмек көрсетілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді