Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мұхтар Тайжан Almaty Super Ski жобасына қатысты сынға жауап берді

Мұхтар Тайжан Almaty Super Ski жобасына қатысты сынға жауап берді
Фото: Kazakh Tourism Development

Almaty Super Ski жобасын қоғамдық талқылау барысында қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан пікір білдірді. Ол жоба аясындағы алып-қашпа сөздерге тоқталып, олардың негізсіз екенін айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі "Kazakh Tourism Development" компаниясына сілтеме жасап.

- Бұл жоба алғаш рет 2013 жылы талқыланған болатын. Өкінішке қарай, осы уақыт ішінде біз тауларымызды ретке келтіруге, абаттандыруға кіріскен жоқпыз. Ал бұл әрекетсіздік неге әкеп соқтырды? Біріншіден, адам өлімі тіркелді, жарақат алу, қоқыстың үйіліп қалуы жиіледі, тау соқпақтары тапталып, ағаш тамырлары ашылып қалды, – деді ол.

Оның айтуынша, таулы аймаққа тұрғын үй кешені салынады деген қауесет қоғамда жиі талқыланды. Бірақ «Іле-Алатау» ұлттық паркінің иелігінде қалады және ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін сақтайды. Сондықтан заң жүзінде ол жерге ешкімнің тұрғын үй кешенін салуға ешқандай құқығы жоқ.

- Тағы бір мәселе – «бәрін ұрлап-талап кетеді» деген сияқты сөздер айтылуда. Мен экономист ретінде айтайын, бұл ақша несие негізінде бөлінеді. Демек, міндетті түрде қайтарылады. Келесі миф – ол жақта «қар аз болады» деген уәж. Біздің таулардан 1 шақырым төмен әрі оңтүстікке қарай орналасқан «Әмірсойда» бүкіл маусым бойы еш қиындықсыз шаңғы теуіп жатыр. Әзірбайжандағы «Шахдаг» кешені де дәл солай. Тіпті Сауд Арабиясының өзі аптап ыстық шөл далада тау-шаңғысы курорттарын салып жатыр. Бүгінгі техника мен заманауи технологиялар бұған толық мүмкіндік береді, – деді ол.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді