Жс, 11 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткері, академик Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткері, академик Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткері, академик Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанның ғылымы мен мәдениеті, мемлекеттік және ақпараттық қауіпсіздігі, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Академик жақында өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінде Мемлекет басшысының қауіпсіздікті нығайту, бейбітшілікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларына қолдау білдірді. Мұхтар Құл-Мұхаммед әлемдегі түрлі қақтығыстарды реттеу және олардың алдын алудағы орта держава ретінде танылған Қазақстанның рөлі арта түскендігін айтты. Сонымен қатар саммитте қабылданған Астана декларациясы мен жиырмадан астам құжаттың әлемдегі қауіпсіздік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға зор үлес қосатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев тең құқылы серіктестікке негізделген тиімді аймақтық ықпалдастықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның көпжақты ынтымақтастығының маңызын атап өтті. Президенттің айтуынша, халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара сенім мен тату көршілікті нығайтуда қоғамдық дипломатия ерекше рөл атқара алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді