Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бас прокуратура Мұхтар Әблязовті Қазақстанға эстрадациялауға қатысты пікір білдірді

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәжіліс кулуарында Мұхтар Әблязовты Қазақстанға экстрадациялау мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

БАҚ өкілдері жақында Франция соты экс-банкир Мұхтар Әблязовке саяси баспана берудан бас тартқанын айтты. Осыған орай тілшілер бұрынғы банкирді Қазақстанға қайтару мүмкін бола ма деген сұрақ қойды.
"Қазақстанда экс-банкир Мұхтар Әблязовке қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Біріншіден ол банк қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр. Екіншісі Тәтішевтің өлімімен байланысты. Екі қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шыққаннан кейін, Франциядағы экстрадация жөніндегі тиісті органдарға сұраныс хат жолданған болатын", - дейді бас прокурордың орынбасары.
Оның айтуынша, аталған істерді қарау мерзімі әр түрлі. "Сіздер өздеріңіз оның мәртебесін Францияның құзырлы органдары жойғанын айттыңыздар. Мен ойлаймайын, осы және біз қолданып отырған өзге де шаралар пайдасын тигізеді деп. Хаттар-cұранымдар біздің бақылауымызда. Біз олардың орындалуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Әрине, Мұхтар Әблязовті экстрадициялауға қатысты жұмыс тоқтамайды. Меніңше бүгінгі жаңалық - бүкіл әлемнің құқық қорғау органдары жұмысының нәтижесі деп санаймын, біз барлықты мүмкіндікті пайдаланатын боламыз", - дейді ол. Еске сала кетейік, осыдан екі апта бұрын, бірнеше елдің құқық қорғау органдары іздеу жариялаған бұрынғы қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовтің Францияда саяси босқын мәртебесінен айырылғаны хабарланған болатын. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді