Спорттық шара «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен ұйымдастырылды. Аталған жоба қалада үшінші рет өткізілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі БҚО әкімдігіне сілтеме жасап.
Жобаға 2000-нан астам жас пен жасөспірім қатысты. Бастаманың басты мақсаты – өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, бұқаралық спортты дамыту және есірткіге қарсы саналы көзқарас қалыптастыру.