Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада есірткіге қарсы ауқымды акция басталды

Астанада есірткіге қарсы ауқымды акция басталды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада нашақорлық пен есірткіге қарсы жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Астана қаласының полициясы мен прокуратурасы есірткі қылмысына қарсы күреске бағытталған ауқымды айлықты жалғастыруда. Бұл бастамаға «AMANAT» партиясының жастар қанаты – «Жастар Рухы» да белсене қатысып, елімізде үшінші жыл қатарынан «Есірткіге жол жоқ!» акциясын өткізіп келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Қазақстанда 18 мыңнан астам адам нарколог-дәрігерлердің динамикалық бақылауында тұр, олардың басым бөлігі – жастар. Биылдың өзінде құқық қорғау органдары 5 мыңнан астам есірткі қылмысын әшкереледі.«AMANAT» партиясының жастар қанаты ұйымдастырған «Есірткіге жол жоқ!» акциясы мыңдаған белсенділерді біріктіріп, олар күн сайын есірткі насихатына қарсы тұруға, «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтуға және салауатты өмір салтын дәріптеуге өз үлесін қосуда.Бұл шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып жатыр. Президент есірткімен күресті қатаңдату қажеттігін бірнеше рет атап өткен.

«Есірткі бизнесінің өкілдері жаңа ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады. Әлеуметтік желілердегі чаттар арқылы жастарды жеңіл табыс табуға қызықтырып, оларды есірткі тасымалдаушысына айналдырады. Бүкіл бір ұрпақтың үстіне төніп тұрған бұл қатерді елемеуге болмайды. Сондықтан Президент бұл әлеуметтік кеселге бірнеше мәрте назар аударды. Біз де өз үлесімізді қосып келеміз. Үш жылға жетпейтін уақытта 12 мыңнан астам есірткіге қатысты граффитиді жойдық», – деді «Жастар Рухы» ұйымының төрайымы Ақерке Искандерова.

Сонымен қатар, жастар қанаты жастар арасында ақпараттық материалдар таратып, жүздеген кездесу мен флешмоб ұйымдастыруда. Соңғы айларда ғана еліміздің әр өңірінде 5 мыңға жуық жас акцияға қатысқан.Акция аясында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. «Чемпиондық рух» жобасы арқылы жасөспірімдер мен студенттер спортпен айналысуға, чемпиондармен кездесулер мен мотивациялық сессияларға қатысуда. 

Бағдарлама аясында барлық өңірде спорттық турнирлер, шеберлік сабақтары және жаттығулар ұйымдастырылып, ондаған танымал спортшы мен мыңдаған жасөспірім қатысты.Сонымен бірге, қозғалыс жастармен жұмыста заманауи тәсілдерді кеңінен қолдануда: «Bir Tolqynda» және «Рухтастар Cases» диалог алаңдары, сондай-ақ IT саласындағы инновациялық жобалар.

Мәселен, 2023 жылы Astana Hub-пен бірлесіп «AMANAT TECH» хакатоны өтіп, онда жас бағдарламашылар нашақорлықтың алдын алуға және тәуелділерді оңалтуға арналған шешімдерді ұсынды.Айта кетейік, Астанада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында есірткі қылмысына қарсы айлық жалғасуда. Құқық қорғау органдары бірлескен рейдтер өткізіп, оқу орындарында профилактикалық кездесулер ұйымдастыруда, сондай-ақ тыйым салынған заттарды тарататын интернет-ресурстарды анықтау және жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.Мұндай іс-шаралар халықтың хабардарлығын арттыруға, полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ есірткі қылмысына және өзге де қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатерлерге қарсы бірлесіп күресуге маңызды ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті