Алматыда «Спорт – Достық алаңы» жобасы жалғасып жатыр. Бағдарлама аула бастамаларын дамытуға, бұқаралық спортты қолдауға және тұрғындарды белсенді өмір салтына тартуға бағытталған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба аясында түрлі турнир, флешмоб, отбасылық жарыс және спорттық акциялар өтеді.Өткен демалыс күндері іс-шаралар бірнеше ауданда ұйымдастырылды.Медеу ауданында 700-ден астам тұрғын спорттық ойындар мен флешмобтарға қатысты.Алмалы ауданында 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқандар арасында волейбол турнирі өтті.Ганди саябағында отбасылық эстафета ұйымдастырылып, барлық қатысушыға алғыс хат пен естелік сыйлықтар берілді.Әуезов ауданында асық ату, дартс, шахмат және арқан тартыс бойынша спартакиада өтті.Алатау ауданында, Нұркент шағынауданында кәсіби жаттықтырушылар ашық футбол жаттығуын өткізді.Жоба тұрғындардың уақытын тиімді өткізуіне, сондай-ақ жастар арасында салауатты әдетті қалыптастыруға мүмкіндік береді,-делінген хабарламада.