Халықаралық Жастар күні қарсаңында елордада Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Жапониядан және басқа елдерден 300 жастың басын қосқан «Bir tolqynda» заманауи би чемпионаты өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Чемпионатты «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының және Астана әкімдігінің қолдауымен «Base» Заманауи би орталығы ұйымдастырды. Қатысушылар 8 негізгі номинация бойынша өнер көрсетті.All styles 5x5 Rep your country номинациясында командалар өз елдерінің атынан шықты. Бұл санатта Жапония, Өзбекстан және Қазақстан бишілері бақ сынады.Жапон бишілері мәдени және кәсіби тәжірибе алмасу аясында би өнерін көрсетті.Сондай-ақ, чемпионатқа арнайы төрешілік ету үшін Жапониядан келген WAACKING бишісі, «ASIAN WAACKING SENSETION» жетекшісі, World of Dance world Final финалисі, «Srowd FAVORITE» сыйлығының иегері Mizuki Jane Flamingo, бельгиялық хип-хоп бишісі, 2022 жылғы жазғы фестивальдің және бүкіл әлем бойынша көптеген басқа би іс-шараларының жеңімпазы Alex the Cage, сондай-ақ корей бишісі Popping, LINEUP 9 JUDGE Firebac финалисі келді. Қатысушылар үшін мастер-класс өткізілді.Іс-шараның мақсаты – жастардың спорттық және шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау және салауатты өмір салтын насихаттау.Ұйымдастырушылардың бірі, Астана мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұмовтың айтуынша, би чемпионаты Астана әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Ал чемпионаттың жеңімпазы ташкенттік Владимир 13 жыл бойы бимен айналысқанын, Өзбекстан командасының атынан Hip-Hop стилінде өнер көрсету үшін көптеген елдерде болғанын айтты.«Чемпионаттың өзі өте қатты ұнады. Іс-шараны ұйымдастырушылар Instagram желісінде афиша жариялайды, бұл формат бізге сәйкес келе ме, жоқ па, соны көрдік. Біз 5х5 командалық шайқасқа қатыстық. Оған қатысу үшін балалармен жиналып, дайындалдық, осылайша бүгін өз шеберлігімізді көрсеттік. Жалпы, бұл өте керемет болды! Бүгін ауа райы да ғажап болды», – деді Владмир.